Қызмет қалай көрсетiледi:
Кіші жүйеде жұмыс істеу үшін қажетті техникалық құралдардың тізбесі:
1. ХҚКО-да алуға болатын ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) (Халыққа қызмет көрсету орталығы)
2. Соңғы нұсқадағы NCALayer орнатылған бағдарламалық жасақтамасының болуы қажет. Сіз ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайтынан мына мекен-жай бойынша көшіріп ала аласыз: https://pki.gov.kz.
3. Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін "Google Chrome" браузерін пайдалану қажет.
Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін сізге:
1. «Аkmola.kz» жүйенің басты бетіне кіріп «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi балаларды кезекке қою» қызметті таңдау керек.
2. Бұдан әрі Ақмола облысының аудандары мен қалаларының тізімі бейнеленеді. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз.
3. Өтініш берушінің ЭЦҚ (AUTH_RSA) кілті арқылы жеке кабинетке кіру қажет.
4. Берілген өтініштер журналын ашу үшін бас бетте "Өтініштер журналына" батырмаға басу қажет»
5. Ары қарай «Балабақшаны таңдау» батырмасын басыңыз.
6. «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда ғана пайда болады.
Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін:
Балабақшалардағы бос орындарға жолдамалар кезекке сәйкес беріледі. Кезегіңіз келген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді.
1. «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасы Сіздің кезегіңіз келсе, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда пайда болады.
2. Назар аударыңыз, Сізге қажет барлық тізбесі көрсетілген құжаттарды жинау және 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет. Кері жағдайда, Сіздің кезегіңіз бұғатталады, бірақ ЖОЙЫЛМАЙДЫ.
https://www.instagram.com/reel/CwAfbr_thGm/?igsh=bnV0ZTdwNWE4Zm42
https://www.instagram.com/reel/DBaso_It00g/?igsh=YTNzNGJvMHV0cGg1