Карамулдина Сулушаш Темірханқызы – бөбекжай тәрбиешісі, педагог-модератор санатына ие, білікті әрі болашағы зор маман.
Сулушаш Темірханқызының педагогикалық еңбек тәжірибесі көп болмаса да, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білімді және шығармашыл педагог ретінде өзін көрсете білді. Ол оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырып, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді.
Тәрбиеші балалармен жұмыс жасауды жақсы көреді, оларға мейірімділік пен қамқорлық танытып, әр баланың қабілетін ашуға ықпал етеді. Өз қызметінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдануға ұмтылып, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейді.
Сулушаш Темірханқызы – еңбекқор, жауапты, ұжымда сыйлы маман. Әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, берілген тапсырмаларды уақытында әрі сапалы орындайды. Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, тәжірибе жинақтауға талпынады.