"Аяулы аналар"
МКҚК «Күншуақ» бөбекжайында 8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. 2-5 наурыз аралығында біздің бөбекжайымызда аналар күніне арналған мерекелік іс-шара барлық топтарда аталып өтті. Әдемі әндер, көңілді билер, қызықты ойындар арқылы балалар өздерінің аналарына, әжелеріне деген махаббаттарын көңілдерін жеткізді. Осындай мерекелердің арқасында балалар ата-аналарын қадір тұтуды, құрметтеуді үйренеді. Көктем мерекесі өзімен бірге керемет көңіл-күйін, әйел бақытын ала келді. Бұл күнді барлығы балалар үшінде, ата-аналар үшінде ерекше әрі көңілді өткізуге тырысты. Мерекеге арналған ертеңгіліктер жоғарғы деңгейде өтіп, бөбекжай меңгерушісі Кулымбетова А.К, осы ертеңгілікті дайындаған музыка жетекшілері: Смагулова Г.А, Булекбаева П.Б хореограф: Д.Р.Қайыржановаға және барлық топ тәрбиешілеріне алғысын білдірді.