"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының «Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК-нің 2022 жылға көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы есебі

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының

«Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК-нің 2022 жылға  көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы есебі

1. Жалпы ережелер

1) қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының  «Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК

Заңды мекен-жайы:

Талапкер ауылдық округі, Ыбырай Алтынсарин ауылы, Абай Кұнанбаев көшесі, 31Б

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Ыбырай Алтынсарин ауылының «Күншуақ» бөбекжайында  1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2022 жылы 75 қызмет көрсетілді

«Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілді -0

Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет-75

Қағаз нысанында көрсетілетін мемлекеттік қызмет-0

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

1)«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 75

2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат  Ыбырай Алтынсарин ауылының «Күншуақ» бөбекжайының ресми интернет-ресурсында қолжетімді.

«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері келтірілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат «Күншуақ» бөбекжай бағындағы стендтерде орналастырылған.Таратпа материалдар – буклеттер де бар.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

Ғимаратта egov.kz «Электрондық үкімет» ақпараттық баннері орнатылған

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинарлар, дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары, сұхбаттар, кездесулер және т.б. өткізілді)

2022 жылда Ыбырай Алтынсарин  ауылының «Күншуақ » бөбекжайында БАҚ және әлеуметтік желілерде  «Ашық диалог» жарияланып, дөңгелек үстел өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Күншуақ» бөбекжайында Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе екі автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткен «Күншуақ» бөбекжайының  меңгерушісі және әдіскері.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапасын бақылау:

1) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.

2022 жылы есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2)мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғамдық мониторингінің нәтижелері

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бұзушылықтардың болмау шаралары жүргізілуде.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, барлық бақылау іс-шаралары белгіленген мерзімде жүргізілуде.

2023 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің  жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының «Күншуақ» бөбекжайы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік білім берумен қамтамасыз етуді жалғастырады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.02.2023 08:53
Құрылған күні: 23.02.2023 17:01

Текст