
Құлымбетова Айгүл Қонысбековна – бөбекжай меңгерушісі, педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл, 2015 жылдан бері басшылық қызметті абыроймен атқарып келеді. Санаты – басшы-ұйымдастырушы.
Айгүл Қонысбековна – білімді, еңбекқор, басқару қабілеті жоғары тәжірибелі басшы. Ол білім беру ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастырып, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырып, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасайды.
Меңгеруші ретінде әріптестерімен және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, өзара түсіністік пен сенімге негізделген орта қалыптастырған. Ата-аналар арасында беделді, ұйым жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін басшы ретінде танылған.
Айгүл Қонысбековна түрлі семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысып, заманауи білім беру үрдістерін енгізуге ұмтылады. Жаңашылдыққа бейім, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол басшы.
Өз ісіне адал, талапшыл әрі ұжымда сыйлы маман ретінде білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосып келеді.