"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нығыметолла Кенжегүл

 

Нығыметолла Кенжегүл – бөбекжай тәрбиешісі, педагог-модератор санатына ие білікті маман.

Кенжегүл Нығыметоллақызы кіші топ тәрбиеленушілерімен жұмыс жүргізіп, олардың жас ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырады. Балалардың танымдық қабілеттерін, тілдік қорын және әлеуметтік дағдыларын дамытуда жүйелі жұмыс атқарады.

Өз қызметінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше мән береді. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ұлттық ойындарды кеңінен қолданып, балалардың қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін, қимыл-қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмысы тәрбиеленушілердің ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастыруда маңызды орын алады.

Кенжегүл Нығыметоллақызы – жауапты, еңбекқор, шығармашыл педагог. Әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы, ұжымда сыйлы. Жұмысына ұқыпты қарап, берілген тапсырмаларды сапалы орындайды. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.


Текст