Бестемше ойыны – қазақ халқының ақыл-ой ойындарының бірі.
Ойын арқылы баланың сөздік қоры артады, достық қарым-қатынасы жақсарады. Сонымен қатар, баланың тек денесін ширатып, денсаулығын жақсартып қоймай, бойында стратегиялық және жүйелі ойлау қабілеті қалыптасады. Бестемше ойыны арқылы бала дербес шешім қабылдай алады.
Балабақшада топтық түрде де ойнатуға болады. Жалпы алғанда, бестемше – тоғызқұмалақтың жеңіл түрі. Ал, тоғызқұмалақтың көптеген пайдасы бар. Ең бастысы, зияны жоқ. Сол секілді, бестемше арқылы баланың ойлау жүйесі дамиды, жеңіс пен жеңілісті сезінеді, эмоцияны басқара алады, төзімділікке дағдыланады, саусақпен ұстау арқылы сезімталдық қасиеті оянады, мидың жұмысы жақсарады. Бөбекжай форматына бестемше секілді ойындар дәл келеді. Осы күні бөбекжайымызда бестемше ойынына қызығушылық білдіріп келеді.
2023-2024 оқу жылының наурыз айында «Дәстүр» және «Мұрагер» мектепалды топтар арасында «Бестемше» ұлттық ойынның турнирі ұйымдастырлды.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді бестемше ұлттық ойынына деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қаблеттерін дамыту. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан ваританнтарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес.
Әдісі: Жарыс-сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Бестемше тақтасы, тастары, бестемше ойынына арналған белгілегіш жалаушалар, фетр арқылы жасалған бестемше тақтасы мен тастары, сұрақ таңдауға арналған көрнекі тор көз.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Жреби арқылы ойыншыларды бөлу
ІІІ.Негізгі бөлімі
ІV.Сұрақ-жауап кезеңі
V.Марапаттау
Сайыстың барысында «Бестемше» авторлық әні Смагулова Гулдана Асқарқызы музыка жетекшілігімен орындалады.