"Отбасында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі" дөңгелек үстел
«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндаманы жүзеге асыру мақсатында жол картасының 39-тармағына сәйкес МДҰ «Жас ата-аналар мектебі» жобасының жұмысын іске асыру аясында 17 сәуір 2024 жылы жас ата-аналармен дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
- «Жас ата-аналар мектебі» жобасының жұмыс жоспарымен таныстыру Әдіскер Курмангалиева Г.Т
- Іскерлік тренинг-ойын «Танысу» ертегі арқылы сомдау. Педагог-психолог: Искиндирова А.Қ
- Әңгіме шолу «Отбасында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
- Логопед кеңесі «Ащы пияз» Есілбай Б.С
- Мед бике кеңесі «Алғашқы көмек» Абишева Р.Б
Жалпы «Жас ата-аналар мектебі» мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту мәселелерінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын орнату мақсатында құрылған.
Мақсаты мен міндеттері: Жас отбасындағы балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру және үйлестіру. Жас ата-аналарға консультациялық -әдістемелік көмек көрсету. Ата-аналарды балабақша өміріне қатысуға баулу.