Байқанова Күнсулу Дүсенбиевна – бөбекжайда дене тәрбиесі нұсқаушысы болып 2015 жылдан бері еңбек ететін тәжірибелі маман. Санат педагог-модератор. 2023 жылдан бастап балаларға «Бестемше» ұлттық ойындарын үйрететін арнайы кабинет ашылып, Күнсулу Дүсенбиевна осы бағытты тиімді ұйымдастыруда.
Күнсулу Дүсенбиевна – еңбекқор, шығармашылығы мол, балаларға мейірімді әрі жан-жақты көңіл бөлетін педагог. Ол дене тәрбиесі мен ұлттық ойындарды үйретуде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданады, балалардың қимыл-қозғалысын, ептілігін және командалық ынтымақтастығын дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Балалармен жұмыс барысында әрбір тәрбиеленушіге жеке көзқарас танытып, олардың қызығушылығын арттыруға тырысады. Ұжымда сыйлы, әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы, өз тәжірибесін бөлісуге ашық маман.
Күнсулу Дүсенбиевна кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, балалардың дене тәрбиесі мен ұлттық ойындар арқылы жан-жақты дамуына өз үлесін қосып келеді.