"Алтын Күз-2019"
Күз-молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Осындай керемет мезгілді бүлдіршіндер де асыға күтеді. Табиғаттың тамаша кейіпке енетінін, бақша дақыларының толықтай пісетінін ұнататын балақайлардың жақсы көретін мезгіліне орай МКҚК "Күншуақ" балабақшасында "Арайлы Алтын Күз" тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты-балаларға күз мезгілі туралы кең түсінік беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық қаблеттерін арттыру, жыл мезгілдерінің ерекшілігін үйрету мен табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Қызыққа толы болған ертеңгілікті "Балапан" ІІ кіші топ, "Құлыншақ" ортаңғы топ, "Шаңырақ" және "Дәстүр" ересек топтары мен "Мұрагер" даярлық тобы бастады. Өздерінің өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер балабақшада үйренген өнерлерін ата-аналарына көрсетті. Балабақша ұжым қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында күз мейрамы жақсы ұйымдастырылып, нағыз балалар мерекесіне айналды. Өйткені, күздің берекесі мен молшылығын көрсететін көкөніс, жеміс-жидектерден түрлі зат жасалып, күзгі жапырақтармен әсем безендірілген зал балаларды өзіне еріксіз тарта берді. Күз ханшайымы А.Қ.Сейдахметова да ертеңгілік аясында балалармен бірлесе отырып, қойылым қойды. Меркелік шара барысында балалар күзгі сән үлгілерін де көрсетіп, қолөнер бұйымдарымен таныстырды.
Ертеңгілік соңында балабақша меңгерушісі А.Қ.Кулымбетова сөз сөйлеп, ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне ризашылығын білдіріп, балаларды күзгі көрме байқауында
"Күзгі Шабыт" номинациясы бойынша мадақтамамен марапаттады.
Балабақша әдіскері: Г.Т.Курмангалиева








