Мектеппен бөбекжай арасындағы сабақтастық
2024жылдың 22-мамыры күні Ыбырай Алтынсарин ауылының ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп психологы және директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары МКҚК «Күншуақ» бөбекжайымен бірлескен іс-шара «Баспалдақтан баспалдаққа» ашық есік күні мектепалды топтар «Дәстүр» және «Мұрагер»ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді. Мақсаты: мектеп пен бөбекжай арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі, сатылы дамыту, мектепке психологиялық тұрғыдан дайындау, мектепке келгелі отырған тәрбиеленушілердің «жеке даму картасымен» танысу, ата-аналарға психологиялық көмек көрсету болды. Оқу жылында 1-сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері, психолгтармен бірге бірлесіп, биыл мектепке аяқ басатын мектепалды тобының тәрбиеленушілерінің «жеке даму картасымен» танысып, тәрбиешілермен бірге пікірлесіп, дөңгелек стол өтті. Онда баланың жеке басының ерекшеліктерімен, әлеуметтік эмоционалды дағдылармен, коммуникативтік, танымдық және зияткерлік т.б.дағдыларымен, балалардың даму деңгейімен танысты.