2025 жылы 25 ақпан күні "Күншуақ" бөбекжайымызда "МДҰ ұйымдастырылған іс-әрекетте жасанды интеллекті пайдалану" тақрыбында аудандық семинар өтті. Семинар барысында келген қонақтар педагогтардың ұйымдастырылған іс-әрекеттермен концерттік бағдрламаны тамашалады. Семинардың негізгі мақсаты балабақша бүлдіршіндеріне жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, нейрондық желілер әртүрлі интеллектуалды жүйелер құру кезінде маңызды рөл атқаратынын. Сонымен қатар, бейнелерді өңдеу, роботтар мен үздіксіз өндірістерді басқару, сөйлеуді тану мен тудыру және көптеген басқа да динамикалық есептерді шешу үшін қолданылатынын ұғындыру. рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды, отансүйгіштікке қалыптастыру. Семинарға қатысқан Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорының орынбасары мен бастауыш сынып мұғалімдері және балабақша меңгерушілері мен педагогтер жылы лебіздерін айтып білдірді. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" дейді халқымыз. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық пен мейірімділік, ізеттілікпен қонақжайлылық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ұясы екені анық.