«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының «Күншуақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес Қаңтар айы- «Заң және тәртіп» идиологиясы жұмыс жоспары бойынша «Педагог және Заң» ақпараттық сағаты.
Құрметті әріптестер!
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіне сәйкес «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілуде. Қазіргі таңда білім беру саласында заң талаптарын сақтау – әр педагогтың кәсіби міндеті. Педагог тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар бала құқығын қорғаушы, қауіпсіз орта қалыптастырушы және құқықтық мәдениетті насихаттаушы тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасында педагог қызметі келесі негізгі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы
– Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
– Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы
– Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңы
– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіАталған заңдар педагогтың құқықтары мен міндеттерін, әлеуметтік кепілдіктерін, кәсіби жауапкершілігін айқындайды.
Педагогтың негізгі құқықтары:
Педагогтың негізгі міндеттері:
Сонымен қатар, педагог қызметінде келесі бағыттарға ерекше назар аудару қажет:
«Заң және тәртіп» қағидатын ұстану – ұйымдағы тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және сапалы білім берудің кепілі.
Қорытындылай келе, әр педагог өз қызметінде заң нормаларын басшылыққа алып, құқықтық сауаттылығын үнемі арттырып отыруы тиіс. Заңды білу – кәсіби қауіпсіздіктің негізі, ал оны сақтау – педагог беделінің кепілі.
