Искиндирова Айжан Қайратқызы – бөбекжайда педагог-психолог қызметін атқаратын, педагог-модератор санатына ие, тәжірибелі әрі білікті маман.
Айжан Қайратқызы – білімді, еңбекқор, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіби психолог. Ол тәрбиеленушілердің психологиялық дамуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады. Балалардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, бейімделу кезеңінен сәтті өтуіне көмектесу және психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырады.
2023 жылы өткен «Үздік психолог» облыстық байқауында жүлделі ІІІ орын иеленіп, өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеді.
Айжан Қайратқызы ата-аналармен және педагогтермен тығыз байланыс орнатып, кеңес беру, әдістемелік қолдау жұмыстарын жүргізеді. Ұжымда сыйлы, әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы, жауапкершілігі жоғары маман.
Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, білім беру сапасын арттыруға белсенді үлес қосып келеді.