Ақмола"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау Каласы, Жоғары Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший Колледж, Город Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской областиКокшетау" при управлении образования Акмолинской области

Мы в соц.сетях


Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Бөбекжай жаңалықтары

                                                        "Ғажайыптар әлемі" апталығы 

Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, дені сау, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Олай болса тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.  

Біздің педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды жетік қолдана білу, жеке тұлғаның дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.  Педагогтар шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту мақсатында ізденіспен жұмыс жасайды. Бөбекжайдағы тәрбиеленушілерді оқыту–тәрбиелеу барысында қолданылатын көрнекіліктер, ұжым педагогтарының өз қолдарымен жасалынып, әдістемелік құралдармен әдістемелік кабинет мамандары толықтырып отырады. Сонымен қатар әдістемелік көмек беру, тәжірибе алмасу мақсатында «Ғажайыптар әлемі» тақырыбында апталық ашық оқу қызметтері өткізілді. Апталық барысында «Күншуақ» бөбекжайының  ортаңғы топ тәрбиешісі А.Б.Амантаева қатынас саласы «сөйлеуді дамыту» бөлімі бойынша «Қыс қызығы» тақырыбында, Б.Х.Ыбышева таным саласының «жаратылыстану» бөлімінен «Бізді не қоршап тұр?» тақырыбында оқу қызметтерін, ересек топ тәрбиешісі Ж.Т.Саматова  әр түрлі дидактикалық ойындар арқылы «1-ден 10-ға дейін санау және кері санау»  және А.Қ.Искиндирова қатыс саласы «сөйлеуді дамыту» бөлімі бойынша  «Көлік түрлері» оқу қызметін көрсетті. Осындай ұйымдастырылған ашық оқу қызметің даярлық тобының тәрбиешісі А.К.Даулбаева эксперементтік зерттеу бойынша балаларға «Ауа мен судың қасиеттерің» түсіндіріп тәжірибе арқылы көрсетті.

Бұл тәрбие оқу  мекенінде бөбекжай педагогтері логопед маман Есілбай Б.С., психолог Сейдахметова А.Қ., ән жетекшісі Смагулова Г.А., би жетекшісі Сейсек Н., және дене шынықтыру жетекшісі Бигарин Н.Б.  ат салысып балалардың эстетикалық, шығармашылық қаблеттерін, саусақ бұлшық еттерін дамыту арқылы және «Денсаулық» технологиясында  әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды жетік қолдана білу мақсатында ұйымдастырылған апталық оқу қызметтерің өткізді. Міне , осындай ізденістер баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерін ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне септігін тигізеді.

                        


Текст