
Омарова Бакыткүл Қуанышбаевна – балабақша тәрбиешісі, педагог-модератор санатына ие, тәжірибелі әрі білікті маман. Ол 2013 жылдан бастап аталған бөбекжай ашылған күннен бері үздіксіз еңбек етіп келеді.
Бакыткүл Қуанышбаевна – білімді, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби шеберлігі қалыптасқан педагог. Ол оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырып, тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады және олардың танымдық белсенділігін арттыру бағытында нәтижелі жұмыс жүргізеді.
Еңбек тәжірибесі мол тәрбиеші ретінде ол әріптестерімен тәжірибе алмасып, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді. Ұжымда сыйлы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол маман ретінде танылған.
Бакыткүл Қуанышбаевна еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен және кәсібіне деген адалдығымен ерекшеленеді. Берілген тапсырмаларды уақытында әрі сапалы орындап, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.