2023-2024 оқу жылының конусльтациялық пункт
жұмыс жоспары бойынша 5 сәуір күніне мәлімет
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім
бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының «Күншуақ» бөбекжайы МКҚК ата-аналарға арналған кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары бойынша диагностикалық, психологиялық, әдстемелік кеңестер, тренинг, сауалнама, дөңгелек үстелдер және ұжымдық жұмыстар жасалды.
Мақсаты: Ата-аналарға көмек беру – баланы психологиялық-педагогикалық зерделеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, оның әлеуметті мүмкіндіктерін айқындау, сонымен қатар дамуындағы, әлеуметтік бейімделудегі бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтау, баланы одан әрі дамыту және тәрбиелеу. Әрбір отбасында мектеп жасына дейінгі балалардың қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру бойынша ата - аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Хабарландыру және басқа да мілметтер бөбекжай әлеуметтік сайтында орналыстырылған http://kunsad.celinograd.aqmoedu.kz/content/habarlandyru
Ата-аналарға педагогикалық және кенес беру. Жұмыстың ең тиімді түрлерін іздеу және енгізу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінде ата - аналардың педагогикалық білім деңгейін арттыру. «Тіл мәдениеті арқылы руханиятты тәрбиелеу» болып табылады. Ата аналарға жаднама «Логопед жұмысындағы тыныс алу жаттығулары»; Ата аналарға кеңес «Егер бала дұрыс тамақтанбаса»; Әдістемелік кенес «Баланың тілін дамытудағы саусақ ойындарының маңызы»; Тәрбиешілерге кеңес «Гиперактивті бала»; Психологиялық Тренинг «Ұсақ мотриканы дамыту ойындары» ; Логопед маманың ата аналарға кеңесі ; Мобильды кітапхана және т.б тақрыптарда ұйымдстырылған іс-шара, дөңгелек үстел, тренинг- ойындар.