"Булингке жол жоқ!" кеңес
МКҚК «Күншуақ» бөбекжайымызда тәрбиешілермен және ата -аналар қауымдастығымен балалардың арасында булингке жол бермеу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Педагог-психолог Искиндирова А.Қ мектепке дейінгі ұйымдағы «Буллинг және оның алдын алу мәселелері бойынша Ата-аналармен және бөбекжай ұжымының педагогтарымен «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстелде кеңес жүргізілді.
Кеңес барысында келесі мәсеселер қарастырылды: буллинг ұғымы, түрлері, себептері және мектепке дейінгі жастағы буллингтің алдын алу әдістері. Педагог-психологтың кеңесі бойынша тәрбиешілер болашақта «Не жақсы? Не жаман?», «Жылы сөздер айт» және т.б тақырыптарында балалармен әңгіме айтылып, ойындар ойнатылады.
Ата-аналарға арналған «Буллинке жол жоқ» тақырыбы бойынша кеңестер беріліп сондай-ақ, ата-аналар болашақта баланың қатігездігі мен агрессиясы себеп болуы мүмкін балабақша проблемаларын алдын алу туралы жаднамалар және ұсыныстар алды. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаға сөзсіз беделге ие тұлға болып табылады, сондықтан ересектер балаларға үлгі болуға лайықты болу керек, сонымен қатар тәрбиешілер мен ата-аналардың сөздері іспен қайшы келмеуі маңызды.
Буллинг жас талғамайды. Кез келген адам буллингке ұшырауы мүмкін. "Ең алғашқы буллинг балабақшадан бастау алады. Өйткені, балабақша – баланың өзгелермен араласып, дос табуына жол ашатын орта. Кейде топтасқан балалар өздеріне ұнамаған баланы қатарларына қоспай, шеттетуі мүмкін. Ал бұл буллингтің алғашқы белгілері. Психолог мамандар ата-аналарға баланы үш жастан бастап балабақшаға беруге кеңес береді. Өйткені үш жасындағы бала өзін тұлға ретінде сезінеді. "Ал үш жасқа дейінгі балаға балабақша жайлы түсіндіру қиын. Олар көбінесе балабақшаға барудан түбегейлі бас тартады. Өкінішке қарай, елімізде ата-аналар баланың қалауына құлақ аспайды. Балабақшаға барғысы келмеген баланы мәжбүрлейді. Ал баланы жылаған күйінде балабақшаға қалдырып кету – ауыр травма. Кішкентай бүлдіршін үшін жаңа орта, жаңа адамдар әрқашан қорқынышты. "Буллингке ұшыраған баланың мінез-құлқы өзгеріп, қызығушылығы жоғала бастайды, тұйықталады. Бала стрессте жүреді. Буллингке қай жерде ұшыраса, сол жерге барғысы келмейді. Мысалы балабақшаға барғысы келмейді, аулаға шыққысы келмей, тығылып жүреді, қашқақтайды. Бұл – өте ауыр стресс. Бала әртүрлі нәрседен қорқады. Жиі ойланып, уайымға салынады. "Ата-ана ең бірінші балабақша туралы ақпарат бергені жөн. Яғни балабақшада не істейтінін, қандай орын екенін балаға түсіндіру қажет. Содан кейін өзінің жұмыс істейтінін, одан шыққан соң бірден баласын алып кететінін де айтуы керек. Ата-ана мұны жай ғана түсіндіріп қана қоймай, эмоциясын көрсете білуі де керек. Сол кезде бұл ақпараттар балаға қызық әрі түсінікті болады. Балабақша туралы қызық мәліметтер естіген бала енді оған баруға асығады. Оның ішінде саналы түрде "күту" режимі пайда болады. Бұл процесс балабақшаға баруды жақсы көріп кеткенге дейін жалғаса береді. Оған бір апта, екі апта немесе бір ай уақыт кетуі мүмкін. Содан кейін ғана балабақшаны қабылдау сезімі жеңіл болмақ. "Буллингке ұшыраған баланы ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесіп құтқаруы керек. Сонда ғана бұл іс жеңіл түрде шешілетін болады. Біреуден қысым көрген бала өзгенің қорғауына мұқтаж болып келеді. Буллинг баланың бойына өте ауыр травма қалдырады. Бұған ата-ана міндетті түрде көңіл бөліп, назар аударуы керек. Буллингке ұшыраған баланың санасы тез қалыпқа келеді. Тек ата-анасы мен жақындарының үздіксіз қолдау білдірсе жеткілікті. Баланың травма алуы да, сол травманы жеңуі де өте оңай.
Балабақшада балаларды бір-біріне саналы түрде жанашырлық танытуға, қамқор болуға үйрету керек. Ата-аналармен тығыз байланыста болу және осындай іс-шараларды өткізіп, алдын алу қажет.