"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс

Назарларыңызға!

 

"Ақмола облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Целиноград білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (мекенжайы: 150000 Ақмола облысы, Целиноград ауданы,Ыбырай Алтынсарин ауылы, А.Кунанбаев атындағы көшесі 31Б; тел:.87073788834, электрондық пошта:  96razezd13@mail.ru тәрбиешісінің уақытша бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Мектепке дейінгі ұйымының негізгі қызметі:

- Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын жүзеге асыру;

-Мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік және жеке даму қасиеттерін жүзеге

 асыра отырып, оларға  ұлтжандылық және адамгершілік қасиеттерін үйрету 

барысында қызығушылықтарын қанағаттандыру;

- Дені сау бала тәрбиелеу барысында; балалармен жан-жақты бағытта жұмыстану;

Лауазымдық жалақысы: Тәрбиешінің лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылына, 

біліміне, біліктілік санатына байланысты .

Тәрбиеші мамандарға біліктілікке қойылатын талаптары:

Тиісті бейінде арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітірген педагогикалық білімі бар маман болуы қажет.

Лауазымдық міндеттері:  бөбекжай орын жайларында және балалар серуендейтін алаңдарда өзіне сеніп тапсырылған балаларды қатаң түрде балалар өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес қадағалайды. Топтағы әрбір баланың жағдайы мен денсаулығының нығаюын қадағалайды, мекеме медперсоналымен бірге балалар денсаулығын арттыруғы, олардың психофизикалық тұрғыдан дамуына ықпал ететін шаралар кешенін жүргізеді, кішкене жастағы балаларға гигиеналық күтім жасайды. МКҚК «Күншуақ» бөбекжайда өзге тәрбиешілермен және жас мамандармен тығыз бірлікте, бағдарламаға сәйкес тәрбиелеу білім беру жұмыстарын жоспарлайды және оны жүзеге асырады. ҰОӘ өткізуге мұқият дайындалады.Күн режимі мен ҰОӘ кестелерінің қатаң түрде орындалуын қамтамасыз етеді.Бейімделу кезеңінде балалардың мінез-құлқын бақылайды, оларға көмектеседі; кішкене жастағы балалар топтарында қадағалау күнделігін жүргізеді. Музыка жетекшісімен және денешынықтыру жөніндегі нұсқаушымен бірлесіп мейрамдарға дайындалады, балалардың бос уақыттарын өткізу шараларын ұйымдастырады. Медициналық байқаудан қатаң график бойынша өтіп тұрады.Тәрбиеші құжаттамаларын дер кезінде және нақты жүргізіп отырады.Кәсіби біліктілігі мен педагогикалық деңгейін курстар, семинарлар, ашық байқаулар арқылы жүйелі түрде көтеріп отырады.Еңбек тәртібі ережелерін қатаң түрде сақтайды.

«Күншуақ» бөбекжайы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарландыру жариялаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тәрбиешінің уақытша бос лауазымға орналасу үшін мынандай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланысты телефондары көрсетілген )

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу  құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазанындағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);

7) психоневорогиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымның анықтамасы;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰТБ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зертеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері (2, 4, 5 тармақшаларда көрсетілген құжаттар) жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен жұмыс орнының кадрлық қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады немесе мөрмен растайды.

Тәрбиешінің  уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыстан шыққанға дейінгі бос лауазым.

Конкурстық орналастырудың дәйекті кезеңдері:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа орналастыру қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштерін, біліктілікті арттыру, әдістемелік қызмет, қоғамдық педагогикалық қызмет,ғылыми/академиялық дәрежесін, сондай ақ жұмысқа алғаш кіретін педагог, білімі туралы қосымша дипломға педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері бағасын және жұмыс өтілі бар қызметкер алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат әкелу бағытындағы, қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

       Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

       Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді


Текст