"Жылдың басы-Наурыз"
Ұлыстың ұлы күніндегі мерекелік көңіл-күй бөбекжай бүлдіршіндеріне де сезілді. Қазақтың ұлттық дәстүрі мен салтын санасына сіңіре білген жас ұрпақтың да серпіні ерекше. Бір кісідей би билеп, наурыз жырларын оқып, думанды әндерін шырқауда. Баланың қазақы қалыпта, патриот азамат болып өсуі үшін бөбекжайлар тәрбиесінің маңызы зор. Сондықтан, бұл мекемелерде ұлттық рухты көтеретін мерекелер мен атаулы күндерге ерекше көңіл бөлінеді. МКҚК "Күншуақ" бөбекжайының музыка, би жетешілерімен және тәрбиешілері ұйымдастырып отырған іс-шара осы мақсатты айқындады. Мереке балаларға, ең алдымен, Наурыздың не себепті ерекше тойланатынын ұқтырады. Өйткені, күн мен түн теңеліп, жаңа жылдың басталғанын... дәл осы жерді жасандырып, гүлге орайтын көктем сездіртеді. Мерекелік жыр-тақпақ оқып, ұлттық би билеп, балалардың кеудесін айрықша қуаныш кернеді. Патриоттық болмысты балғын қылықтарымен көрсеткен оларға қарап, «Күншуақ» бөбекжай ата-аналарының да, тәрбиелеушілердің де мерейі үстем болды.