Текст
Керемет мерекенің қарсаңында біздің бөбекжайымызда игі іс- шаралар өтті.
Ұлттық мерекені бөбекжайдан атап өтудегі басты мақсат – салт –дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу болатын. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида.
Ал оған кез-келген ата –ана жұмыла қатысып жатса ұлттық тәрбиенің мақсат мұраты орындалды дей беріңіз.
Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Көпшілік жаңа күн, жаңа жыл барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады.
Бұл орайда тілдері былдыраған балдырғандарда ақжарма тілектерін аямады. Музыка жетекшісі Смагулова Г.А.; би жетекшісі Сейсек Н және топ тәрбиешілер ұйымдастыруымен "Қош келдің, әз Наурыз!" атты тәрбие танымдық оқу қызметтерің өткізді.