"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дөңгелек үстел

«Мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастық» жоспарына сәйкес  мектепалды даярлық тобында бес жасқа толған балаларға арналған ақпараттық базаны құрастыру  және мектепке дайындауға бағытталған педагогикалық орта құрумақсатында  дөңгелек үстелі өтті.        

Міндеттері- тәрбие мен білім беру мазмұнын тиімді әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен бөбекжай тәрбиешілерінің әдістемелік өзара әрекеттестігін сан алуан формалары арқылы жүзеге асыру;

- Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, әр алуан қызметін қамтамасыз ету үшін пәндік дамытушы ортасын ұйымдастыру;

- Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде белгілі нәтижелерге жету жолдарын, ортақ мақсат-міндеттерді айқындау;

Осы міндеттерді шешу үшін біз төмендегідей бағыттар бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Ол- әдістемелік жұмыс, ата-аналармен жұмыс, балалармен жұмыс. Әдістемелік жұмыс - мектеп пен балабақша бірлесе өткізетін жұмыс жоспары негізінде жүргізіледі. Әдістемелік жұмыс –тренинг, дөңгелек үстелдер, ұлттық ойын «Бестемше»  бөлмесі сияқты жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады. Тәрбиешілер мен бастауыш сынып ұстаздары өзара сабақтарға қатысады, 5-6 жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерімен, мектепте оқытуға баланың психологиялық дайындығы туралы сұхбаттасу сияқты жұмыс түрлерін психолог, лопед мамандарымен жүргізеді.

   

Жаңартылған күні: 10.12.2024 16:39
Құрылған күні: 10.12.2024 16:39

Текст