"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас түлек 2022

Балабақша   қош енді – демекші, Ыбырай Алтынсарин  ауылындағы МКҚК "Күншуақ" бөбекжайында 25 мамыр 2022 жылы ерекше шара өтілді.                                                                                                «Жас Түлек 2022» атты іс шарада бөбекжай меңгерушісі Кулымбетова А.К. мектепке аттанғалы тұрған түлектерге сәттілік тілеп, алғыс хаттар табыстады. Ертеңгілік өте қызықты және көңілді, тартымды өтті. Балалардың жүздерінен шат көңіл де, сонымен қатар мұңаю да байқалды. Шат көңіл дейтініміз мерекеге балалардың көңіл -күйін көтеруде ертегі кейіпкерлері қатысты, балалар ән айтып, би биледі.  Осындай көңіл- күй   ата-аналардың да жүздерінен байқалған сияқты.  Жас түлектер үйренген өнерлерін ортаға салып, ән айтып, балабақшада үйренген тақпақтарын айтып, әр түрлі билер орындап, бүкіл ата-аналардың, бөбекжай  қызметкерлерінің де көңілінен шықты.  Мереке соңында балалардың ата-аналары ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын беріп, бөбекжай  тәрбиенушілері жайдарлы      көңіл күймен, қуанышпен, қимастықпен, болашаққа деген үлкен арманмен, бөбекжаймен  қоштасты. Тәрбиеленушілерімізге болашақта тек қана ақ жол тілейміз!.

    

   

Жаңартылған күні: 31.05.2022 08:31
Құрылған күні: 31.05.2022 08:49

Текст