"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп 2025 ж

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының «Күншуақ» бөбекжайы» МКҚК-нің 2025 жылға көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы есебі

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылы «Күншуақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ыбырай Алтынсарин ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 31Б            

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Кәсіпорында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы «Күншуақ» бөбекжайы 53 қызмет көрсетті;

- Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 49 мемлекеттік қызмет;

- Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде

4 мемлекеттік қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2025 жылы «Күншуақ» бөбекжайы 53 қызмет көрсетті;

1.Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2.Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

1.«Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу кезегіне қою»;

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің» жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылы «Күншуақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  http://kunsad.celinograd.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. , мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.                        Білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі        іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау мәселесі бойынша 2 қызметкер ақпараттандыру және түсіндіру іс-шарасынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 15 білім беру ұйымында бақылау шаралары жүргізілді. Бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шараларын өткізу кезінде бақылау іс-шаралары барысында жойылған кейбір сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2026 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

Меңгеруші:                                                                 Кулымбетова А.К

Орын: Курмангалиева Г.Т

 

 

 

 


Текст