"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жомарт күз мерекесі

Біздің ата-аналарымыз бен балаларымыз керемет!!!

Дәстүрлі түрде қазан айында  біздің «Күншуақ» бөбекжайымызда күз мерекесі өткізілді. Сонымен, әр топта «Жомарт күз» деп аталатын күзгі ертеңгілік өткізілді, онда орта және жоғарғы топтардың балалары белсене қатысты. Іс-шараға дайындық ертеңгілік басталғанға дейін жалғасты. Балалар тәрбиешілермен бірге өлеңдер, би, ал музыкалық жетекшісімен күз туралы әндер жаттады. Белгіленген күні қонақтар әшекейленген күзгі залда жиналды. Мереке қонақтарына дайындаған сценарий балаларды бір минутқа демалуына жол бермеді. Балалар дөңгелене айнала, күз туралы ән айтты, көңілді ойындар ойнады, би биледі және күздің келуін тағатсыздана күтті. Оның келуімен балалар « Нан қайдан пайда болады?»  деген ата аналармен жәрмеңке ұйымдастырылды. Бөбекжайдағы  мереке – бұл әрқашан сыңғырлаған балалар күлкісі, шаттық пен көңілді сәт. Іс-шара жарқын, көңілді, қызықты өтті, сонымен бірге ата-аналармен бірге жасаған «Күз сыйлығы» тақырыбы бойынша көрме ұйымдастырылды. Ата-аналар мен балалар өз шығармашылықтарын көрсете білді. Қандай керемет көрме ұйымдастырылды!!!неше түрлі қызықты, әдемі композициялар жасалған. Жемістер мен көкөністерден, неше түрлі материалдардан жасалған әдемі заттар. Нешетүрлі құстар, өрмекшілер, кірпілер және таң қалдыратын композициялар жасалған. Өз қолымен композиция жасауында – ең қарапайым шешім , ол табиғи материалдарды қолдану. Әр жасалған заттар үшін  балалар мен олардың ата-аналары мадақтамалармен марапатталды.     Біздің ата-аналарымыз бен балаларымыз керемет!!

              

     

Жаңартылған күні: 13.10.2023 16:10
Құрылған күні: 13.10.2023 16:24

Текст