Курмангалиева Гульжан Тулегеновна – «Күншуақ» бөбекжайының әдіскері, педагогикалық еңбек өтілі – 12 жыл. Қазіргі таңда педагог-модератор санатына ие.
Гульжан Тулегеновна – өз ісінің білікті маманы, педагогикалық қызметінде жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытады. Әдіскер ретінде тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетіп, оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді. Заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосып келеді.
Ұжымда беделді, әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы, ұйымшыл әрі талапшыл маман. Өз жұмысында шығармашылық танытып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ұмтылады. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетеді.
Гульжан Тулегеновна еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен және жауапкершілігімен ерекшеленеді. Берілген тапсырмаларды уақытында әрі сапалы орындайды. Өз біліктілігін үнемі арттырып, кәсіби дамуға ұмтылады.