2013 жылы қараша айының 5 жұлдызында іргетасы қаланған балабақша бүгін 5 жасқа толып отыр. Балабақшаның сыйымдылығы 140 орынды қамтиды, қазірде 130 баланы қабылдап отырмыз. 7 топтың ішінде үш пен алты жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын тиімді өткізеді, әр топта 20-25 баладан бар. «Балалар — біздің болашағымыз.» Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейді. Ата- бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Қазіргі заман талаптарына сай оқу-тәрбие ісін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынын негізге ала отырып, ұлттық педагогикалық бағытта жетілдіруде. Әр топ заман талабына сай пәндік дамытушы ортамен және бес білім беру саласынның қажеттілігіне лайық деңгейде қамтамасыз етілген. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан біздің балабақшада тәрбиешілердің бәрі білікті мамандар жұмыс жасайды.
Біздің тәрбиешілеріміз де тәрбиеленушілерде ұйымдастырылатын мәдени шараларға белсенді түрде қатысады. Қатысып қана қоймай, республикалық жүлделі орынға да ие болып жүр. Қанжығамызда 2015 – 2016 оқу жылында өткізілген аудандық «Жаңа толқын» байқауында «Күншуақ» балабақшасы I орынды жеңіп алды. II Республикалық «Жас маман» байқауына тәрбиеші Есілбай Б.С қатысып II орынды жеңіп алса, II Республикалық «Жас маман» байқауында «Үздік портфолио» номинациясын Құрманғалиева Г.Т иеленді. Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша және кәсіптік білім беретін ұйымдарының арасында Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» байқауына қатысып, біздің «Күншуақ» балабақшасы бас жүлдені жеңіп алды. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Үздік педагог – 2018» атты республикалық байқауға қатысып, Амантаева А.Б; Қурманғалиева Г.Т; Айбекова Г.Б ашық оқу қызметтері жинаққа енді.
2017 – 2018 оқу жылынан бастап М.Монтессори әдісін жаңа инновациялық технологиялар арқылы балабақшада қолданып келеміз. Осы М.Монтессори технологиясын қолданып аудандық семинар өткіздік. М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,өздігінен шешім қабылдауына, топтада, жекеде жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Сөзімді Мағжан Жұмабаевтың ұлағатты бір сөзімен қорытындылағым келіп отыр : «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан аталары айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.
Енді, «Күншуақ» балабақшасының ұжымы жайлы сөз қозғап кететін болсам осы бес жылда балабақша қызметкерлері бір – бірімен туған туыстай болып кеткен. Әр маман иесі өз жұмыстарын жақсы атқарып келеді. Атап айтсам, шаруашылық меңгерушісі Смагулова Ж.Ғ; есепші Бөлебаева Г.С; емдәмбикесі Амирова А,Н: медбике Абдуалиева Н.Т іс қағаздар жүргізушісі Игиликова Г.Б; аспазшыларымыз Абжанова Ж.Т; Кенесбаева Ж.Д; тәрбиеші көмекшілері Капалбаева А.К; Аханова А.Ш; Мухамбетова Г.Б: Ибатова А.Т; Сидикова М.Т; Қоңырбаева Г.А.