13 ақпан 2024 жылы «Дәстүр» мектепалды тобының тәрбиешісі жас маман Карамулдина С.Т «Уақытты бағдарлау, апат күндері» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
Мақсаты: Уақытты бағдарлау. Таңертең, түс, бесін, кеш, түн уақыт терминімен таныстыру. Апта күндері туралы түсініктерін нақтылау. Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау. Танымдық дағдылар уақыт, кеңістік туралы қарапайым түсініктерді көрсете білуде, уақыт туралы түсініктердің (тәуліктің бөліктері: таңертең, күн, түн; күндер: бүгін, кеше, ертең) болуы: жылдам, баяу. Геометриялық фигуралардың құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері тәртіпте сандық қатынастарды білу. Іздеу және эксперименталды іс-әрекетте балалар өз бетінше таныс материалдармен жүйелі және нәтижелі эксперимент жасауға, жаңа материалдармен моделдеуге және заттар арасындағы жалпы белгілерді ерекшелеуге, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнатуға үйретеді.