Ұйымдастырылған оқу қызметі

04.04.2022

Целиноград ауданы

Ыбырай Алтынсарин ауылы

МККҚ «Күншуақ» бөбекжайының

Педагог-психологы Искиндирова Айжан Қайратқызының

ұйымдастырылған  оқу қызметі   

Тақырыбы:  «Көңілді  шеңбер  алаңы»

Мақсаты: балаларға  әртүрлі ойындар ойната отырып,танымдық қабілеттерін дамыту,ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.тілін дамыту, бірігіп, топтасып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау.

Әдіс-тәсілдері:   Әңгімелесу,  ойын - жаттығуы, сергіту  сәті, топтық  жұмыс, сюжеттік-рольдік  образды  сомдау, қортындылау, мадақтау.

I.Кіріспе. 

Бүгінгі  тренинг ойын- жаттығуға  қош  келдіндер, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойынымызды  бастамас бұрын шеңберге тұрып көңіл күйімізді көтеріп алайық.

Шаттық шеңбер

Шарты: шеңберге тұрып би арқылы бір-бірімен амандасу      

 «Біз  біргеміз» топтық  ойын-жаттығуы

Мақсаты:балалардың  топ  болып,бірлесе  жұмыс жасауын  дамыту

 Шарты:Балаларға  мата  беріледі.Барлыға  сол  матаны  параллель  бағыт бойынша  ішкі  шеңберге  еніп ,топ болып  бірге  жүріп  отыру  керек.Барлығы  бірдей  бағытта  қозғалып,межелі  жерге  дейін матаны айналдырып  жеру  керек.

Ескерту:ешқандай  ойыншы  қатардан  шығып  қалмау  керек.

Сұрақ-жауап «Қарама-қарсылықтар»

  • Лимон қышқыл, қант ....
  • Түнде қараңғы, күндіз .....
  • Жазда ыстық, қыста .....
  • Тышқан кіші, піл .....
  • Құстар ұшады, жылан ....
  • Оқымысты оқиды, ал жазушы ....
  • Ұшақ жоғары ұшады, ал тік ұшақ .....
  • Ағаштың діңі жуан, бұтағы ....
  • Тасбақа ақырын қозғалады, ал қоян .....
  • «Фотограф» ойыны

Мақсаты:баланың  рольдік -сюжеттік  образға  еніп сомдауын дамыту.

Шарты:Балалар  фотоаппартақа  суретке  түсу  үшін  жүргізіушінің  нұсқауын  орындайды.Жүргізіуші  қандай  да  бір  мамандық  иесін  айтқан кезде,қатысушылар  рольге  еніп,қимылдап  тұрган  бейнесін  фотоаппаратқа  суретке  түсіріп  алады. Фотографтар  кезекпен  ауысып  отырады.  

Сурет бояу «Кемпірқосақ»

Мақсаты: балалардың қиялын, зейінің дамыта отырып тәрбиелеу.

Балаларға алдын-ала суреттер беріледі. Балалар өз қиялдары арқылы қалауынша бояп шығады.

Сергітіу  сәті. «Джунглидегі  жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.

Дидактикалық ойын «Не өзгерді?»

Мақсаты: балалардың зейінін дамыту.

Нұсқау: Балалар бір-біріне мұқият қарап алады да, көздерін жұмып отырады, сол кезде жүргізуші балаларға түрлі заттарды қыстырып, тағып қояды, соны балалар көздерін ашып тауып алулары керек.
Тілек  шамы. «Жұлдызды  сәт»

Балалар  шеңбер  бойымен  тұрып,шамды  бір-біріне  бере  отырып,жақсы  тілектерін айтады.

Мысалы:Күндей  күлімде,жұлдыздай  жарқыра,мөлдір  судай  таза  бол  т.б

Қорытынды. Балалар ,сендер  өте  керемет  көңілді  балалар  болып  шықтыңдар. Біз  бүгін  сендердің  арқаларыңда  нағыз  көңілді  шеңбер  алаңын  жасадық.Әрқашан  осындай  қалаптарыңмен  көтеріңкі  көңіл-күйде  жүре  беріңдер.Сол  үшін  мен  сендерді  төсбелгімен  марапаттаймын.

  

 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу