Текст
Құзреттілік орталықтарды дамыту мақсатында әр топтарда «Театр» бұрыш алаңдары құрылған. Ересек топтарында «Тантамареска театры» арқылы ертегіні сахналау балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету нақышталған. Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу болып табылады.