Текст
"Екі жұлдыз" байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - «Біртұтас тәрбие бағдарламасын" мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында кеңінен насихаттап, мәдени-рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау. Сонымен қатар, осы байқау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ортасын дамыта отырып, рухани құндылықтармен жақындастыра түсіру болып табылады. Байқауға топ тәрбиешісі мен тәрбиеленушісі қатысты. Педагогтер мен тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсете білді.