22 Наурыз мейрамы
16-20 наурыз аралығында «Күншуақ» бөбекжайымызда ұлттық құндылықтардан сыр шертетін мерекелік шара ұйымдастырды. Көздері бал- бұл жанып, жүздеріне күлкі үйрілген балалар мен ата аналар қуаныштарымен бөлісті.
Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамына бөбекжай балғындары айрықша әзірленген. Тілдері бал бүлдіршіндер тақпақ айтып, ән салды, би биледі. Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Көпшілік жаңа күн, жаңа жыл барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Бұл орайда тілдері былдыраған балдырғандарда ақжарма тілектерін аямады. Ұлттық мерекені бөбекжайдан атап өтудегі басты мақсат – салт –дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу болатын. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида. Ал оған кез-келген ата –ана жұмыла қатысып жатса ұлттық тәрбиенің мақсат мұраты орындалды дей беріңіз.