8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні
МКҚК "Күншуақ" бөбекжайымызда 8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. 1-6 наурыз аралығында аналар күніне арналған мерекелік шара барлық топтарда аталып өтті. Әдемі әндер,көңілді билер,қызық ойындар арқылы балалар өздерінің аналарына,әжелеріне деген махаббаттарын көңілдерін жеткізді. Өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті. Осындай мерекелердің арқасында балалар ата-аналарын қадір тұтуды,құрметтеуді үйренеді. Көктем мерекесі өзімен бірге керемет көңіл-күйін, әйел бақытын ала келді. Бұл күнді барлығымыз балалар үшінде, ата-аналар үшінде ерекше әрі көңілді өткізуге тырыстық. Мерекеге келгендерге көктемнің жылы шуақтарымен бірге жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекеге арналған ертеңгіліктер жоғарғы деңгейде өтіп, бөбекжай меңгерушісі Кулымбетова А.К., әдіскер Курмангалиева Г.Т, және ата аналар осы ертеңгіліктерді дайындаған музыка жетекшілері: Смагулова Гулдана Аскаровна, Булекбаева Перизат Б; хореографтар: Қайыржанова Дана Рақымжанқызы, Булекбаева Перизат Б; кейіпкерлер: Байканова Кунсулу Д, Карамулдина Сулушаш Т. Ибраева Гулим Б, Саматова Жулдыз Т, Айбекова Гулден Б, Сейтжанова Гулнур Ж. т.б. тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.