"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылының "Күншуақ" бөбекжайы" мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад"Күншуақ" села Ыбырай Алтынсарина при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

24.11.2022

АУДАНДЫҚ  СЕМИНАР

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ыбырай Алтынсарин ауылы «Күншуақ» бөбекжайында  «Бөбекжайда ұлттық ойындардың әр түрлі элементтері арқылы бүлдіршіндердің  ой-өрісін, шығармашылық және интеллектуалдық қаблеттерін дамыту» тақырыбымен мектепке дейінгі ұйымының аудандық семинары ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балалардың ой — өрісін, дүниетанымын жетілдіру;

Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту.

Әр баланың жеке дара ойлау, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Өткізілген күні: 11 қараша 2022 жыл

Қатысушылар:  Целиноград білім бөлімінің әдіскері, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер, педагогтар.

Барлығы:  40 адам

Бөбекжай  меңгерушісі:  Кулымбетова А.К. келген қонақтарға қош келдіңін айтты.  Бөбекжай  ән жетекшісі: Смагулова Г.А. «Музыкалық ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында келген қонақтармен  музыкалық  шебер-сынып  ұйымдастырды.   Тәрбиешілер   ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде ұлттық  ойындарды   әр түрлі  элементтері арқылы  балалардың ой-өрісін, шығармашылық және интеллектуалдық қаблеттерін дамыту педагогикалық жобалау әрекетінде қолдану тәжірибелерімен бөлісті.  Дене шынықтыру нұсқаушысы Байканова К.Д. «Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігің қамту жолдары» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

Семинарға қатысушылар балғындардың ритмикалық қимылдарды орындау шеберліктеріне тәнті болып, жылдамдыққа, үйлесімді қимыл жасауға баулыған  тәрбиеші, педагогтарға ризашылықтарын білдірді. Тәрбиеші Даулбаева А.К. «Бестемше тастарын отауларға салу және жүру жолдарын үйрету» атты  ұйымдастырылған іс-әрекеттінде бестемше ойындарын қолдану тәжірибесін көрсетті. Ол бөбектің ой-қиялын, тез шешім қабылдау қабілетін арттырады, ұсақ моториканы дамытады. Тәрбиеші Базарбаева Ш.Т  «Эбру дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдана отырып, тақияны безендіру»  элементтеріне негізделген дидактикалық-көрнекі материалдар, балалармен бірлесе дайындаған шығармашылық жұмыстар көрмесімен таныстырды.

Семинар соңыңда бөбекжай  бүлдіршіндерінің  музыка жетекшілерімен ұйымдастырылған музыкалық сәлемдемесі өтті.  Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі.    Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл — өмірдің заңдылығы Әр бала зерттелмеген құпия, әр бала – болашақ данышпан дегендей болашақта бүлдіршіндеріміздің данышпан болуы үшін бойына ұлттық сананы, дәстүрді ойын арқылы сіңіртіп, тәрбиелеуіміз керек деген мақсатта ұйымдастырылды.

    

Просмотров: 1111


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст