"Құстар біздің досымыз" танымдық ойын
МКҚК бөбекжайында 11 сәуір 2022 ж "Шаңырақ" ересек топтарында «Құстар — біздің досымыз» атты танымдық ойын бағдарламасын өткізді.
Мақсаты: бүлдіршіндердің табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық тіршіліктің бастауы — көктемнің ерекшелігін байқату. Сонымен бірге олардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу. Отанын, жерін, орманын, көлін сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші Карамулдина С.Т. балаларға әртүрлі құстардың суреттерін көрсетіп, балалар сол құс туралы білетіндерін, ата-аналарымен табиғатқа, құстарға қандай қамқорлық жасайтынын айтты.
Балалар құстар өмірінен кішігірім көрініс көрсетті және экран назарына «Құстар туралы қызықты фактілер» атты слайд презентация ұсынылды және құстар туралы жұмбақтар жасырылды. Дауысына қарап қай құс екенін ажыратты. Іс-шара соңында ұйыдастрылған серуенге шолу жасалды, серуенде балалар ата аналарымен бірге жасаған құс ұясын ағаштарға ілді.