Текст
7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Осы атаулы мерекеге орай, МКҚК «Күншуақ» бөбекжайымызда 7 сәуір күні «Спорт денсаулық кепілі» тақырыбындағы бөбекжай ұжымы арасында эстафеталық жарыстар өткізілді. Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара болғандықтан бөбекжай дене шынықтыру нұсқаушысы Бигарин Н.Б –мен ұжым белсене ат салысты.