«Бала бақыты – отбасы мен балабақша бірлігінде» жалпы ата-аналар жиналысы
01.10.2026
«Бала бақыты – отбасы мен балабақша бірлігінде» жалпы ата-аналар жиналысы өтті
24 қыркүйек күні «Күншуақ» бөбекжайында 2026–2027 оқу жылына арналған «Бала бақыты – отбасы мен балабақша бірлігінде» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесі мен дамуына отбасы мен педагогтердің ортақ жауапкершілігін арттыру, ата-аналарды балабақша өміріне белсенді араласуға шақыру.
Жиналыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы балабақшаның негізгі жұмыс бағыттары таныстырылып, балалардың қауіпсіздігі, тәрбиесі, денсаулығы мен жан-жақты дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ата-аналар мен педагогтер арасындағы өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынастың маңыздылығы айтылды.
Күн тәртібінде:
* жаңа оқу жылындағы балабақшаның негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттары;
* балалардың балабақшаға бейімделуі және эмоционалдық жай-күйі;
* баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
* бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі;
* отбасы мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастық;
* балалардың денсаулығын сақтау және күн тәртібін ұйымдастыру;
* ата-аналардың балабақша өміріне белсенді қатысуы;
* ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлері қарастырылды.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, педагогтермен пікір алмасты. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту, балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыстар белгіленді.
Қорытындылай келе, бала тәрбиесі – отбасы мен балабақшаның ортақ міндеті екені атап өтіліп, ата-аналарға белсенді қолдаулары мен ынтымақтастықтары үшін алғыс білдірілді.
