Көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі де келіп өтті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Осы мереке қарсаныңда бөбекжайымызда дене шынықтыру нұсқаушысы Бигарин Н.Б. ұйымдастыруымен ересек топтар арасында "Ел - ертеңі, бүгінгі жасұлан" атты іс-шара сайысы өтті.